ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ МЕРЕЙІМІЗДІ ҮСТЕМ ЕТТІ.СҮЙІНШІ ХАБАРДАН ОСЫНЫ БІЛДІК

2024 жылы 19-21 қыркүйек күндері аралығында Қызылорда облысы Сырдария ауданында, Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевті еске алуға арналған волейболдан XXV халықаралық турнир өтті.
2010-2011 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен турнирге Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан және Өзбекстан Республикасынан келген барлығы 25 команда, 350-ге жуық спортшы қатысты.
Осы турнирде,Сайрам ауданындағы «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 спортшысы Түркістан облысының құрама командасы сапында өнер көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атанып, облысымыздың мерейін үстем етті.

Жарыс қортындысы:
1-орынТүркістан облысы.
2- орынЖетісу облысы.
3-орынШығыс Қазақстан облысы.

Халықаралық турнирде облысымыздың намысын қорғап, чемпион атанған спортшыларымыз: Юлдашбеков Алтынбек, Сайдирахимов Азизбек, Ахметов Сарвар, Рахманкулов Жамшид, Юлдашбеков Азатбек, Сабиржанов Бехруз, Арифжанов Хасанжан, Арифжанов Хусанжан, Төрехан Әбілхан.
Әрбір үлкен жеңістің артында бапкердің қажырлы еңбегі тұрады. Спортшыларымызды додалы жарыстарға дайындаған бапкерлері: Эгамбердиев Кабулжан, Файзуллоев Илхом, Усмонтаев Шавкат.

Құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарға сәттілік тілейміз!
Нұртілек Тұрдымұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған