«Сайрам таланттары — 2024» өнер фестивалі би байқауымен аяқталды

Қазақ биі – қазақ халқының мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі өнер түрі. Бұл өнердің тарихи тамыры тереңде жатыр және ол қазақтардың тұрмыс-салты, дүниетанымы мен рухани мәдениетінің айнасы ретінде көрінеді. Қазақ билерінде табиғат көріністері, өмірлік жағдайлар, аңшылық, мал шаруашылығы және тұрмыстық салттар ерекше орын алады.

Жақында Қ.Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінде  «Сайрам таланттары — 2024» өнер фестивалінің ең соңғы жанры бойынша «Таңғажайып би әлемі » атты би байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың 31 би ұжымы өтінім беріп іріктеу  кезеңінен кейін  22 би тобы ақтық сайысқа қатысты.  Барлық қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере келе 3 топқа бөлінді.  Олар — кіші топ ( 5-8 жас), орта топ (9-12 жас) және ересектер тобы (13 – 17 жас) аралығы. Би сайысына Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының  арнайы мамандары  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – Абдрахимова Роза Рашитқызы, Шымкент қаласы «Жас дарын» би ансамблінің жетекшісі – Қожанова Айнұр Алтынханқызы, Шымкент қаласы «Смаил»  би ансамблінің жетекшісі  — Бутенко Анна Вячеславовна, №1 «Сайрам балалар  саз мектебінің» хореографы, Үлгілі «Ақ кербез» би ансамблінің жетекшісі Нуридинов Абылай Әлмаханбетұлы, Сайрам аудандық мәдениет үйі халық шығармашылығын дамыту бөлімінің басшысы Тукенова Гаухар Сабыржанқызы қазылық етті. Байқау өте тартысты өтті. Бишілердің өнері бір-бірінен өтіп жатты, барлық топ жақсы дайындықпен келгендерін баййқатты. Мың бұралған аудан бишілері өнерлерін ортаға салып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда:

Кіші топ:

Бас жүлде – «Жұлдыз» би тобы (Қайнарбұлақ ауылдық оккругі № 29 К.Тленшин мектебі)

1- орын – «Айназ» би студиясының «Шуақ» би тобы (Ақбұлақ ауылдық округі)

2- орын – МША –BI Group  ЖШС жеке мектебі  «Бәйшешек» би тобы (Ақсукент  аылдық округі)

3 -орын  — «Әуезов жұлдыздары» — би тобы  (Ақсукент ауылдық округі)

 

Орта топ:

Бас жүлде – «Айназ» би студиясының «Аққу» би тобы (Ақбұлақ ауылдық округі)

1- орын – «Стимул» би тбы (Ақсукент ауылдық округі)

2 -орын – «Жұлдыз» би тобы  (Қайнарбұлақ ауылдық округі, М. Өзтүрік мектебі)

3 -орын – «Әуезов жұлдыздары» (Ақсукент ауылдық округі)

Арнайы жүлделер:

«Севинч», «Ай жұлдыз», Айназ би студиясының «Жалын» би топтары.

 

Ересектер тобы:

Бас жүлде —  «Жұлдыз»  өнер мектебі (Қарасу ауылдық округі)

1 -орын – «Жұлдыз» би студиясы (Ақсукент ауылдық округі)

2- орын – «Стимул» би тобы (Ақсукент ауылдық округі)

3- орын – «Айгөлек» би тобы (Ақсукент ауылдық округі)

Арнайы жүлделер:

«Еркемай», «Ұлықбек жұлдыздары», «Айназ» би студиясының «Өрлеу» және «Томирис» би топтары. Барлық жүлдегерлер арнайы диплом және сый – сияпаттармен марапатталды.

Негізінде Қазақ билері көбінесе еркіндікке, жеңілдікке және ырғақтылыққа негізделген. Қимыл-қозғалыстарының көпшілігі даладағы өмір мен көшпенділердің тұрмысын бейнелейді. Билердің негізгі элементтері қол мен аяқтың үйлесімді қозғалыстарымен, иықтың және дененің жеңіл қозғалыстарымен ерекшеленеді. Әр қимылдың мағынасы, оқиғасы бар, ол арқылы қазақ халқының өмір салтын, батырлық ерліктерін немесе табиғатқа деген махаббатын көрсетуге тырысады. Қазақ биінің мынадай белгілі түрлері бар:

  1. «Қара жорға» – қазақтың ең танымал билерінің бірі, кең даланың еркіндігі мен жеңілдігін бейнелейді. Ол ежелгі заманнан бері қазақтардың мерекелерінде орындалып келеді.
  2. «Шашу» – әйелдерге тән би, той-думандарда және мерекелік шараларда биленеді. Бұл би әйелдердің сұлулығын, нәзіктігін бейнелейді.
  3. «Айжан қыз» – қыздардың орындауындағы би, қазақ әйелдерінің батылдық пен нәзіктігін суреттейді.

Қазақ биі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады, көбінесе домбыра, қобыз, сыбызғы секілді ұлттық аспаптармен орындалады. Бүгінгі таңда қазақ биі ұлттық сахнада ғана емес, халықаралық аренада да танылып, қазақ мәдениетінің байлығын әлемге танытуда. Біз сонымен мақтанамыз.

Нұртілек Нұрғисаұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *