ҚАЗАҚ ӘУЕНІНІҢ СӘНІ

Қоғамымыздың баға жетпес байлығы – біздің әжелеріміз. Халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, қазақтың ұмытыла  бастаған ұлттық әндерін  әуелете шырқап жүрген Қайнарбұлақ ауылдық округі бас-

тауыш  ардагерлер ұйымының жанындағы   «Шаңырақ»  әжелер тобының құрылғанына  10 жыл.  Ел жанынанкөмескілене бастаған халық әндерін нақышына келтіріпорындап,  төріміздің сәнін кел
тіріп жүрген ақ жаулықты әже-лерге ел ықыласы ерекше.

«Шаңырақ» әжелер тобының көшбасшысы Түймеқыз Жантаева Қайнарбұлақ ауылдық округі  әкімшілігінің  жанынан
ашылған «Әжелер кеңесінің» төрайымы.  Әжелер тобындаРысай Жүнісбекова бастаған  әжелеріміз бар. 2014 жылы Шымкент қалалық  ардагерлер жанынан құрылған  әжелер төрайымы  шарапат Құрманбековамен де бірнеше жыл біргежұмыс істеп, көптеген конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, өңіріміздің абыройын асқақтатқан.  Былтырдан бастап аудандағы  «ардагерлер кеңесінің» жанынан құрылған  «Әжелер алқасының» төрайымы  Әлия Шалабаеваның  тобына  мүше болды. Биыл  ШарапатҚұрманбекова бастаған  әжелер   Алматыда өткен «Алматыталанты»  әжелер конкурсында   1-орынды иемденіп, «Лауреат» медалі, Кубок, Алғыс хаттармен оралды.  Қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, әдет-ғұрпын дәріптеп жүрген асыл әжелеріміз аман болғай.

Ә.Маратұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған