ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазан айының басында Сауран ауданы, Иқан ауылында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай волейболдан 2007-2008 және 2009-2010 жылы туған ұлдар арасында ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ өтті.
Осынау дүбірлі додада ептілік танытқан Сайрам ауданы №1Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің құрама командасы 1- орыннан көрінді. Қарсылас шақ келтірмеген жерлестеріміз тамаша ойын өрнегін көрсетті.Расында волейболды мықтылар ғана ойнайды.
Жүлделі орынға ие болған спортшылармыз бен жаттықтырушылары Юлдашев Гавхарбек пен Патсаев Нұрсұлтанның жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрқашан Сайрамның атын шығара беруге тілектеспіз.
Әділхан Төлегенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған