ҚЫЗЫЛОРДАДА ТОП ЖАРДЫ!

2023 жылы 5-7 қазан аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған кентіңде білікті бапкер Мұрат Тотаев пен КСРО шебері Сапархан Шайменовты еске алуға арналған еркін күрестен 2007-2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Республикалық турнирде Сайрам аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ең мықты деген жасөспірім палуандар бақ сынады. Осы спорт мектебінің жаттықтырушы ұстазы Құрал Сәдібектің шәкірттері Ернар Темірбеков (2009 жылы дүниеге келген) 45 келі салмақта алтын алқа иеленсе, 2007 жылы дүниеге келген Дулат Орғанәлі 51 келі салмақта күміс алқа алды. Жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз бен жаттықтырушыны жетістіктерімен құттықтаймыз.
Бізге бұл жаңалықты «Сайрам аудандық №1БЖСМ-ң» әдіскері Бота Самекова жеткізді. Жарайсыңдар, сайрамдықтар!

Нұртілек Тұрдымұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған