ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАСӨСПІРІМ ЖЕРЛЕСТЕР!

Жақында Шымкент қаласында Түркістан облысы каратэ федерациясының және фунакоши каратэден әлем чемпионатына қатысуға құрама команданы қалыптастыру үшін фунакоши каратэ бойынша 2023 жылғы ашық іріктеу турнирі өтті.
Республикалық жарыста Сайрам аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ең мықты деген жасөспірімдері бақ сынады. Жерлестеріміз бұл жолы да жүлдесіз қайтпады.
Осы мектептегі Роман Сарсекуловтың шәкірттері 35 келі салмақта Фахридинов Хайтмурад (11-12 жас аралығы), 61 келіде Қайнарова Томирис (15-16 жас аралығы) алтын алқа иеленіп, мерейімізді өсірді. Ал, 25 келі салмақта Жаналиева Хайрия (5-6 жас аралығы) , тағы 25 келіде Сахаятдин Сұлтан (9-10 жас аралығы), 48 келіде Ашурматов Ирисмад (13-14 жас аралығы) +70 келі салмақта Садиганиева Динара (15-16 жас аралығы) күміс алқаны олжалады. Сондай-ақ, 24 келі салмақта Ильясбек Жанель (7-8 жас аралғы), 30 келіде Ахмедова Салиха (5-6 жас аралығы), 32 келіде Жарқынбек Аяла (9-10 жас аралығы), 40 келіде Ашурматов Бехрузбек ( 9-10 жас аралығы), +70ккеліде Анкабаева Ақнұр (15-16жас аралығы), 61 келіііде Галиева Алсу (15-16 жас аралығы), 48 келіде Османбек Еркенже (13-14 жас аралығы) қола алқамен қуантты.
Жүлделі орындарға ие болған спортшыларыз бен жаттықтырушыны жетістіктерімен құттықтап. «Сайрам аудандық №1БЖСМ» ұжымына зор алғыс айтамыз.
Нұртілек Тұрдымұратов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *